Сарықамыс ауылында жуырда баскетбол алаңы орнатылды. Ауыл халқымен кездесуге келген қала әкімі Аян Бейсекин ең алдымен мектеп жанына салынған жаңа алаңды көрді. Алаңның табанына тартан жабын төселген екен.
Сарықамыс ауылының жаңалығы бұл ғана емес. Ағымдағы жылы мұнда футбол алаңы да жасалған. Ауыл әкімі Марат Сейсембаев волейбол алаңының қасына жүгіру жолын жасау ойда барын айтты.
Мақаланың толық нұсқасы газетіміздің 27 маусымдағы №26 санында.
Гүлсана ҚУАТБАЙҚЫЗЫ