Тәуелсіздік күніне орай облыстық «Sarsadaq Qonys» дәстүрлі садақ ату федерациясының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында «Зерде» мамандандырылған лицей-мектебінде турнир өтті. Жарысқа 9 команда қатысып, 72 спортшы өз бақтарын сынады.
Жасөспірімдерді садақ атуға баулып жүргендердің бірі — Павлодар облыстық дәстүрлі садақ ату федерациясының төрағасы Нұрбек Мұқышев.


Жарыстың «Қалқан нысанасы» атты алғашқы кезеңінде әр спортшыға үш мүмкіндіктен беріліп, әр мүмкіндікте бес жебеден атылды. Ал «Жамбы нысанасы» атты екінші кезеңде әр тиген оққа тоғыз ұпай беріліп, ұпай сандары тең түскен жағдайда бес оқтан мүмкіндік берілді. Ең жоғарғы ұпай 135 ұпай болып саналды.
Жарыс қорытындысында 7-9 жастағы ұлдар арасында Дінмұхамбет Нұрмұхамбет I орын иеленді. II орынға Нұрәли Серіков, жүлделі III орынға Темірлан Серіков лайық деп танылды.


Қыздар тобында Ханшайым Қайдарбекова мен Арайлым Қабдулсамалова топ жарды. Жеңіске қол созымдай ғана жетпей қалған Ұлпан Құралова II орынды қанжығаласа, III орынды Аяжан Ғабит иеленді.
10-12 жас аралығында I орынды Расул Абдрахманов, II орынды Қасымхан Қаббар, III Ілияс Чебентаев иеленді.
Ал 13-15 жас аралығында Әлихан Айткенов I орынға, Әділет Шаяхметов II орынға, Баянауыл ауданынан келген Еларыс Ермекбай III орынға ие болды. Қыздар арасында топ жарған Аяжан Шарипова I орын иеленсе, II орынды Мөлдір Мақылбек алды. III орын Алтынай Болатқа бұйырды.
16-17 жас аралығында Тереңкөл ауданынан келген Темірлан Қайырбаев I орынмен марапатталды. Ал қыздар арасында I орынмен Қарақат Жаролла, II орынмен Алуа Шоқан, III орынмен Аружан Қаракесек марапатталды.
Командалық жарыста I орынды Екібастұз қаласы, II орынды Павлодар қаласының командасы, III орынды Аққулы ауданы иеленді. Қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Ділназ Серікбай