«Зерде» мамандандырылған лицей-мектебінен тағы да жағымды жаңалық келді!
Мектеп түлегі — кәсіпкер Мереке Байжан пән олимпиадасында жетістікке қол жеткізген 11-сыныптың 2 оқушысына 30 мың теңгеден стипендия тағайындапты. Бұл шәкіртақы желтоқсаннан мамыр айына дейін беріліп отырмақ.
Биылғы желтоқсан айының стипендиясы Кенесары Тойболдин мен Алина Оразбековаға табысталды. Кенесары география пәнінен өткен облыстық олимпиадада 2-орын (жетекшісі — Үміт Кенжебекова) алса, Алина қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық деңгейде 3-орынға ие болып, халықаралық Қанипа Бітібаева атындағы олимпиадада — жүлде, облыстық көптілділік олимпиадасында 1-орынды жеңіп алған, жетекшісі — Гүлсара Исабаева.
Ж. ҚАДЫРОВА