«Бір тойым болатыны сөзсіз менің» деп ақын Төлеген Айбергеновтің жырлағанындай, 2 қараша күні «Өнер» мәдениет сарайында белгілі жазушы, ақын әрі аудармашы Жұмағали Қоғабайдың «Екібастұздың рухты азаматы» атты әдеби-сазды кеші өтті.

Қаламгердің 75 жасқа толуына орай ұйымдастырылған шара мерейтой иесінің балалық, жастық шағын, әдебиет әлеміне құштарлығының оянуын бейнелеген сахналық көріністерден басталды. Содан соң жиналған қауымның қошеметімен сахнаға ақын Жұмағали Қоғабай көтерілді.

Ақын тойына бірқатар мәртебелі қонақ келіп, жазушыға құрмет білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді. Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликова аймақ басшысы Асайын Байхановтың құттықтау хатын оқып, мерейтой иесіне оқалы шапан кигізіп, конверт ұсынды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әшімбетов қаламгердің ұлт мүддесі үшін атқарған қызметін атап өтіп, бағалы сағат сыйлады.
Мақаланың толық нұсқасы газеттің 7 қарашадағы №45 санында.
Ж.Жәлелұлы