Қазақстан Республикасы күні қарсаңында «Юбилейный» мәдениет үйінде «Айбары мықты Ата заң» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шарада кент әкімі еңбектері сіңген бірқатар азаматты алғыс хаттармен марапаттады:
1. Шідерті кентінің жеке кәсіпкері — Талғат Таирұлы Иманбаев;
2. Зейнеткер Жайсангүл Токтаубайқызы;
3. Шідерті кентінің мал дәрігері — Асқар Маратұлы Хасенов;
4. №14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші қызметкері Мақсұт Мықтыбекұлы Рсалы;

Сонмен қатар, 25 қазан — Республика күніне орай Шідерті кентінің әкімі Алмас Марленұлы кенттегі бюджеттік салада еңбек ететін, көпбалалы және әлеуметтік осал топ бойынша үй кезегінде тұрған тұрғындарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалған пәтер кілттерін табыстады:
1. Авиты Айнахан — көпбалалы ана;
2. Султанова Назигуль Табысқызы — бюджеттік қызметкер;
3. Краснова Оксана Николаевна — жалғызбасты ана.
Пәтерлеріңіз және марапаттарыңыз құтты болсын, отбасыларыңызға бақыт, жұмыстарыңызға табыс тілейміз.
Шідерті поселкесі әкімі аппараты