Қазір азаматтарға ауыртпалықтың көбі ұялы телефоннан болып тұр. Соңғы күндері қоғамды «1414» қысқа нөмірінен тараған sms-хабарлама дүрліктірді. Онда былай деп жазылған: «Сіздің балаңызға тегін тамақ беріледі. Оны алу үшін электрондық үкіметтің «eGov mobile» мобильді қосымшасына тіркеліп, цифрлық ваучер алу қажет.
Тіркелу сілтемесі: https://egovmobilekz.page.link/AVAF.
«Әлеуметтік әмиян» бөлімі».
Бұл — алаяқтар ойлап тапқан жаңа схема. «1414» нөмірінен келді екен деп, оған иланудың қажеті жоқ. Жалпы, жауапты органдар телефонның қоңыраулары мен бейнеқоңырауларына сақ болуды, беймәлім сілтемелерді таратпауды, ашпауды және бейтеныс адамдардан келетін күмәнді фотоларды баспауды (ашпауды) ескертеді.
Ж.Қадырова