5 қазан күні күні қалалық орталық кітапханада «Рисала-йи жанайиз (Жаназа кітабы)» кітабының тұсаукесері өтті. Қазақтың ұлы ойшыл ақыны, ғұлама ғалым, діни білгірі, шежіреші, халық ауыз әдебиетін жинақтаушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Рисал-йи жанайиз» еңбегі осылайша тұңғыш рет толыққанды зерттеліп, академиялық басылым түрінде жарияланып отыр.

— «Рисала-йи жанайиз» еңбегінің сыни мәтінін дайындауда Орталық ғылыми кітапхана қорында сақталған қолжазбасы мен әулеттік мұрағатта сақталған екінші қолжазбасы пайдаланылды. Бұл еңбек бұған дейін «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары» 20 томдығының 14-томында «Діни уағыз» деген атаумен кемшіліктермен басылған. Мұнда еңбектің атауы анықталмаған, қазақ тіліне аудармасы жасалмаған, тек қана араб қарпінен қазіргі кирилл жазуына аударған. Бұл жаңа басылымда «Рисала-йи-жанайиз» (Жаназа кітабы) деген атауы алғаш рет анықталып, араб-парсы, түркі-шағатай тіліндегі мәтіні қазіргі қазақ тілінде аударылды, екі нұсқа негізінде діни еңбектің араб графикасындағы сыни мәтіні түзілді, осы мәтіннің негізінде латын графикасындағы транскрипциясы жасалды, — дейді ғылыми кеңесші Бағдат Дүйсенов.

Мақаланың толық нұсқасы газеттің 10 қазандағы №41 санында
Ділназ Серікбай