Қалалық сотта үкімнің орындалу барысын бақылауға қатысты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Екібастұз қаласы құқық қорғау және арнайы органдарының, пробация, Павлодар облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қатысты. Басқосуда соттың қарауына жататын мәселелер сөз болды.
Қалалық сот судьясы Ұлбосын Сырғашева үкімді орындау кезінде соттың қарауына жататын мәселелердің саны мен сапасы жөнінде баяндап, сотталушылардың жазаны дұрыс өтемейтініне, шақыртуға келмейтіндігіне, құжат толтырудағы олқылықтарға тоқталды.
— Ағымдағы жылдың тоғыз айында қалалық сотқа үкімді орындау жөнінде 188 материал келіп түсті. Оның 58-і шартты түрде мерзімінен босатуға қатысты. 58 материалдың бүгінгі күнге дейін 51-і қаралып, 39-ы қанағаттандырылды. 12-сі кері қайтарылды. Жеңілірек жазаға ауыстыруға қатысты келген 15 хаттың 11-і кері қайтарылған. Айта кетсек, олардың 13-і ауыр дәрежедегі жаза алғандарға қатысты. Бұдан басқа ҚРҚК 44-бабына сәйкес сотталғандарға қатысты 53 материалдың 17-сі қанағаттандырылды, — деп баяндады судья Ұлбосын Байлепесқызы.
Мақаланың толық нұсқасы газеттің 17 қазандағы №42 санында.
Гүлсана Қуатбайқызы