19 қазан — құтқарушылар күні. Осы датаға орай Екібастұз қаласы өрт сөндірушілерінің бір күндік жұмысымен таныстық.

Төтенше жағдай кезінде жұмыстың дұрыс жүргізілуі мен ұжымның ауызбіршілігі өте маңызды екенін атап өткен №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Темірбек Айсабековтің айтуынша, өрт сөндірушілердің жұмысы таңғы 8-де басталады. Өңірдің кез келген жеріне көмекке баруға дайын тұратын батыл мамандық иелерінің әуелі жұмыс киімдері мен құрал-жабдықтары реттеледі. Жедел құтқару нөміріне қоңырау түскен бойда өздерінің міндеттерін орындауға әрқашан дайын отыратын өрт сөндірушілердің бос уақыты жоқ десек те болады. Екі ауысымда жұмыс істейтін олар өз кезектерін қабылдап алған сәттен бастап, білек сыбана жұмысына кіріседі.
Мақаланың толық нұсқасын газеттің 17 қазандағы №42 санынан оқи аласыздар.
Ділназ Серікбай