11-13 қазан күндері Павлодар қаласында 2012 жылы туған және одан кіші ұлдар арасында волейболдан күзгі облыс чемпионаты өтті. Оған облыстан 6 команда қатысты. Күзгі чемпионатта №3 БЖСМ-ға қарайтын Солнечный кентіндегі денешынықтыру-сауықтыру кешенінің жас волейболшылары сәтті ойын өрнегін көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Жүлдегерлерді волейбол бөлімшесінің оқытушы-жаттықтырушысы Тоқтар Тоқсаринов баптағанын айта кету ләзім.
Дәл осы күндері Павлодар қаласында «AUYL SPORT — 2024» аймақтық лигасы ойындары да өтті. Ауылдық елді мекендер балалары шеберлік байқасатын бұл лиганың мақсаты — ауылдарда спортты дамыту, спортқа құмар ауыл балалары мен жасөспірімдерге қолдау көрсету. Сөз болып отырған жарыста да Тоқтар Шәріпұлының шәкірттері үздік үштіктің қатарынан көрінді. Бұл жолы 2009-2011 жылдары туған балалар волейбол ойнаған еді.
Ж. Бұланбай