— Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық…
Ұстаз бен шәкірттің ақ мәрмәр ескерткіші түбінде тұрып бала күнімізден құлағымызға сіңісті болып, жадымызда сақталып қалған өлеңді күбірлеп оқып шығып, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің Торғай кентіндегі музей үйін көру үшін ішке беттедік.

Есіктің оң жағында орнатылған кішкене тақтадағы: «Здесь 1864 году великий казахский просветитель Ибрай Алтынсарин открыл первую школу. 1988 году школа восстановлена силами тружеников района» деген жазу көзімізге оттай басылды әрі керемет әсер етті. Өйткені қалпына келтірілген мектеп ғимараты сол заманның өлшемімен тым көлемді еді. Музейге кірген соң бұл ойымыз расталды. Осыдан бір жарым ғасыр бұрын қазақ балаларының алғашқы легі білім алған оқу бөлмелері мен шеберханалар кең де жарық екен. Қазіргі уақытта мұнда ұлы педагогтың өмірі мен ұлтқа қызметі жайлы көптеген жәдігер рет-ретімен қойылыпты. Құнды құжаттар мен жәдігерлерді көрген сайын біздің санамыздағы Ыбырай Алтынсарин бейнесі тіптен асқақтай түсті.
Мақаланың толық нұсқасын газеттің 3 қазандағы №40 санынан оқи аласыздар.
Жассерік Жәлелұлы