«СПОРТ-Сити» спорт кеше-нінде Павлодар облысының полицейлері қазақстандық қылмыстық іздестірудің 106 жылдығына арналған спорттық іс-шараларға қатысты.
Бағдарламада шағын футбол матчтары, ату жарыстары, тартылу, арқан тарту және армрестлинг жарыстары болды. Жарысқа 12 команда қатысты.
Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Екібастұздық полицейлер шағын футболдан, арқан тартудан жақсы нәтижелер көрсетті. Жалпыкомандалық есепте Екібастұз қаласының полиция басқармасы үздік атанып, бас жүлде — автокөлікке ие болды.
— Спорттық іс-шаралар кәсіби дайындықты арттыру мақсатында өткізіледі және ұжымды біріктіреді, — дейді жеңімпаздар командасының капитаны Руслан Сүлейменов.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Кенже ҚУАТ