Теміржол ауылдық округіне қарайтын «КорнАгро» ЖШС — біздің өңірдегі картоп егумен шұғылданатын ірі шаруашылық. Оның егістік танаптары Құдайкөл ауылы маңында. 18 қыркүйек күні аталмыш шаруашылыққа бет алдық. Жол бойы ары-бері ағылған жүк көліктерін көргенде-ақ картоп жинау қызу жүріп жатқанын топшыладық.

Дала қосы басына жеткенде көз алдымызға тамаша көрініс келді. Шетелдік су жаңа техника алқапта қаптап жүр. Ал картоп сұрыптау алаңында әзір өнімді тиеп әкетуге келген жүк көліктері тізіліп тұр.

Өкінішке қарай, «КорнАгро» ЖШС директоры Арман Қайсағалиевті жолықтыра алмадық. Шұғыл шаруамен Екібастұз қаласына жол жүріп кетіпті. Есесіне директордың орынбасары Бейбіт Байбековтен суыртпақтай сұрап, біраз мәліметке қанықтық.
Мақаланың толық нұсқасы газеттің 19 қыркүйектегі №38 санында.
Ж. Жәлелұлы