Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов 22 шілде күні Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар нысандарда болды. Аймақ басшысы тұрғын үй құрылысы, жөндеу және абаттандыру жұмыстары барысын көзімен көріп, жылу магистральдары мен жылу-электр орталығындағы қазандықтарда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына қатысты тапсырмалар берді.

Абай мен Қосым Пішенбаев көшелері қиылысы тұсынан үш биік үй салу үшін жер телімі бөлінген екен. «Гидропром» ЖШС қазіргі уақытта сол үйлердің іргетасын орнату жұмыстарымен шұғылданып жатыр. «Отбасы банк» арқылы несиеге алуға болатын биік үйлер бес қабатты, әрқайсысында 60 пәтер болады. Сонымен қатар, Целинная және Бұқар жырау көшелері қиылысында тағы бір бес қабатты үй салу жоспарланған екен. Тапсырыс жасаған — қала әкімдігінің құрылыс бөлімі.
Қала әкімінің міндетін атқарушы Ержан Салханов аймақ басшысына құрылыстың жай-жапсары, пәтерлердің болжамдық құны туралы әңгімелеп берді. Қазіргі есептеу бойынша 1 шаршы метрдің бағасы — 253 мың теңге. Осы тұста облыс әкімі Асайын Қуандықұлы Екібастұз қаласы үшін бұл қымбат екенін айтты.
Мақаланың толық нұсқасы газеттің 25 шілдедегі №30 санында.
Ж.Жәлелұлы