18 шілде күні өңірдегі кәсіпкерлер мен инвесторлардың проблемаларын қарау, сондай-ақ, жұмыс барысында кездескен әкімшілік кедергілерді шешуге арналған «Бизнеспен кездесу: «Ашық диалог» деп аталған бизнес-форум өткізілді.
Павлодар облысы прокуроры Берік Жүйріктаевтың басқаруымен өткен форумға «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы өкілдері, «Атамекен» ҰКП облыстық және қалалық филиалы басшылары, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы қатысты.

— Біз бүгін бизнесті дамытуға кедергі келтіретін проблемаларды қозғау үшін жиналып отырмыз. Сондықтан ойларыңызды ашық айтып, белсендірек қатысыңыздар, — деді сөз басында прокурор Б.Жүйріктаев.
«Ашық диалог» шарасы барысында кәсіпкерлер көптеген проблемаларын ортаға салды. Қала прокуратурасы жанынан құрылған кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ жұмысын жалғастырады. Мобильді топқа 8 705 422 51 02 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Мақаланың толық нұсқасын газеттің 25 шілдедегі №30 санынан оқи аласыздар.
Гүлсана Медеубайтегі