Детектив жанрындағы киноларды көріп жүрміз. Соның көбінде қолына шабаданын ала жеткен криминалист маманның қылмыстың қалай жасалғанын көзімен көргендей етіп айтып беретінін көріп таңданған шығарсыз. Бұл — криминалистика саласының ғажайыбы. Қылмыс жасалған орынды ең алдымен қарайтын жедел-тергеу тобының құрамында міндетті түрде криминалист-маман болады. Солардың көмегімен алынған ақпарат арқылы адамзат тарихында небір шытырман қылмыстар ашылған.
Жиырма жылдан аса ішкі істер органында жұмыс істеп жүрген полиция подполковнигі Мақсат Исабаев — аға криминалист. Тәжірибелі маман криминалистика саласындағы жаңалықтар мен қылмыс әлеміндегі қызықты оқиғалар туралы әңгімеледі.
Сіз иістің ізін қалай сақтайтынын білесіз бе? Ол көп жыл өтсе де айғақ саналады екен. Сондай-ақ, қазір саусақ таңбасын алу үшін бұрынғыдай қолды бояудың қажеті жоқ. Кәнігі қылмыскерлер мен баукеспе ұрылар да артынан із қалдырады.
Осы және басқа да қызықты жайлар туралы газеттің 20 маусымдағы №25 санынан оқыңыздар.
Гүлсана Медеубайтегі