Маусымның үшінші сенбісі — медицина қызметкерлерінің күні. Мерекеге орай қалалық әкімдікте қастерлі мамандық иелеріне құрмет көрсетілді. Домбырашылар Сымбат Жәкішева мен Айбек Алпыс қос домбырада «Адай» күйін ойнаса, әнші Алмас Еділбаев «Сені ойлап» әнін ақ халатты жандарға арнады.


Қала басшысы Аян Бейсекин дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, олардың денсаулық сақтау жүйесіне қосқан үлесін ерекше атап өтті. Содан соң еңбегімен еленген бірқатар медицина қызметкеріне марапаттар ұсынды. Бұл күні бірқатар дәрігер қала әкімі мен қалалық мәслихаттың марапатына хатына ие болды.
Мақаланың толық нұсқасы газеттің 20 маусымдағы №25 санында