Қаламызда көшенің сәнін кетіретін құрылыс нысандары көп. Қалалық мәслихат төрағасы Н.Макраев, депутаттар Қ.Тұрлыбеков, А.Амургалинов, А.Иманқұлов қала аумағындағы игерілмеген жер учаскелеріне мониторинг жүргізді.
Қалада әлі де көптеген нысанның құрылысы бітпей тұр. Олардың кейбірі маскүнемдер мен қаңғыбастардың, нашақорлардың тұрағына айналған. Құрылысты аяқтауға нысан қожайындарының кейбірінің қаржысы, енді біреулерінің құлқы жоқ секілді. Игерілмеген жер иелерінің кейбіріне аумақты абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін бірнеше қайтара айыппұл кесілген.
Мақаланың толық нұсқасы газеттің 30 мамырдағы №22 санында.
Гүлсана ҚУАТБАЙҚЫЗЫ