Қалалық сотта дөңгелек үстел отырысы өтті. Бұл жолы судьялар Екібастұз қаласының анықтау, тергеу, прокуратура органдары қызметкерлерінің, пробация және №47 мекеме өкілдерінің, сондай-ақ, қалалық заң кеңесі қорғаушыларының басын қосыпты.
Талқыланған мәселе — құқық қорғау және арнайы органдардың, соттың қылмыстық істер мен материалдарды мемлекеттік тілде жүргізу жайы. Тақырыпты ортаға салған қалалық сот судьясы Ұ.Сырғашева қылмыстық істі мемлекеттік тілде жүргізудегі олқылықтарды атап өтті. Сондай-ақ, аталған ортада қазақ тілін қолдану аясы тар екендігін, бұған жол беріп отырған тағы өзіміз екенін ашып айтты. Обалы нешік, батырып айтты.

Құқық қорғау органдары неге қазақ тіліне шорқақ? Азаматтар неге мемлекеттік тілді талап етпейді? Тіл саясаты немқұрайды қарайтындар кімдер? Осы және басқа сұрақтарға жауапты газеттің 23 мамырдағы №21 нөмірінен іздеңіздер.
Г. МЕДЕУБАЙТЕГІ