«Қайнар» ББК мәжіліс залында Екібастұз қаласы мен Баянауыл өңірінде құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері және қоғамдық-саяси ахуал жөніндегі ведомствоаралық кеңестің көшпелі отырысы өткізілді.
Кеңес жұмысына облыс прокурорының бірінші орынбасары Ержан Дүйсекенов төрағалық етті. Ержан Ерғанатұлының кіріспе сөзінен соң Екібастұз қала-сының әкімі Аян Бейсекин, Екібастұз қаласы полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шәкарғалиев, Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Елдос Бәриев, Баянауыл ауданы полиция бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Нығметолла Қаббасов, Екібас-тұз қаласының прокуроры Сержан Теміров және т.б. құқық бұзушылықпен күрес және оның алдын алуға бағытталған іс-шаралардың қалай жүзеге асырылып жатқанын баяндап берді.
Нақтырақ айтқанда, былтыр Бесқауға ауылы мен Шідерті кентінде болған оқиғалардан қорытынды шығарылып, жайсыз отбасы балалары тізімі жаңартылыпты. Қазіргі уақытта осындай отбасылардың әл-ауқатын арттыруға, бала-ларға тәлімді тәрбие беруге бағытталған іс-шаралар қолға алыныпты. Сонымен қатар, ірі кенттерде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссиялар құрылып, іске кірісіпті. Ендігі міндет — бекітілген іс-шаралар жоспарын қағаз жүзінде қалдырмай, шынайы орындау.
Ведомоствоаралық кеңестің көшпелі отырысында тиісті шешімдер қабылданып, міндеттер жүктелді.
Ж.Сәдуақасов