Егер жеке сот орындаушысының әрекеті немесе әрекетсіздігі құқығыңызды бұзды деп
есептесеңіз, заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.
1 ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ШАҒЫМДАНУҒА БОЛАДЫ?
– Банктік шотқа заңсыз тыйым салынса;
– мүлікке негізсіз шектеу қойылса;
– атқарушылық іс жүргізу туралы хабарланбаса;
– өтінішіңіз қаралмаса немесе жауап берілмесе;
– мүлікті бағалау не өткізу тәртібі бұзылса;
–
жеке сот орындаушысы заң бойынша міндетті әрекетті орындамаса.
2 СОТҚА ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ?
– Жеке сот орындаушысының қаулысы;
– атқарушылық іс жүргізуге қатысты құжаттар;
– банк анықтамалары мен хабарламалар;
– өтініштер және оларға берілген жауаптар;
–
құқық бұзылғанын растайтын өзге де дәлелдемелер.
3 ҚАНДАЙ МЕРЗІМДЕ ЖҮГІНУ КЕРЕК?
ӘРПК-тің 136-бабында сот орындаушысының әрекетіне немесе әрекет жасаудан бас тартуына дау
айтуға қатысты он жұмыс күндік мерзім белгіленген. Мерзімнің басталу тәртібі заңда белгіленген
жағдайларға байланысты анықталады.
4 СОТ НЕНІ ТЕКСЕРЕДІ?
– Әрекеттің заңдылығын;
– қабылданған шешімнің негізділігін;
– заңда көзделген рәсімдердің сақталуын;
– азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын.
5 ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!
Сіз:
– Атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысуға;
– құжаттардың көшірмесін алуға;
– өтініш беруге;
– заңда белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылысыз.
ЗАҢДЫ БІЛУ – ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢДЫ ҚОРҒАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ!
Сот шешімін орындау – міндет. Ал оны орындау барысында заңдылықты сақтау – жауапкершілік.
Нұргүл Сәулен, судья






