Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы Нұрсейіт Омаровтың ұйымдастыруымен қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты насихат жұмысы өткізілді.
Атап айтқанда, дөңгелек үстел басында «Той өткізу мәдениетін қалыптастыру, тойдағы әдепсіздіктің алдын алу және құдайы аста ысырапқа жол бермеу» тақырыптары тарқатылды. Той-томалақта әдептілік пен ізет сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, шариғат талаптарына сай әрекет ету, сондай-ақ, құдайы асты қарапайым әрі ысырапсыз өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Басқосу ұлттық дәстүр мен діни құндылықтарды ұштастыра отырып қоғамда әдептілік пен үнемшілдік дағды қалыптастыруды мақсат тұтты.
Ж.ЖАПАРОВА





