Қалалық коммуникациялар орталығында өткен кезекті брифингте Екібастұз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Зейнеп Жақсыбаева «Бөлім теңгеріміндегі тұрғын үй қорын мониторингілеу» тақырыбында баяндама жасады.
Спикердің айтуынша, халықты жұмыспен қамту орталығы таратылғаннан кейін, 2024 жылғы маусымда, Екібастұз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің теңгеріміне қала әкімінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №522/6 қаулысымен ерікті түрде қоныс аудару бағдарламаларына қатысушыларға арналған қызметтік тұрғын үй қоры берілді. 402 пәтерді қамтитын тұрғын үй қоры мына мекенжайларда орналасқан: Автобазовский өткелі, 11/1, Королев көшесі, 74 «А», Мәшһүр Жүсіп көшесі, 135, М. Мәметова көшесі, 54 (1, 2, 3, 4-корпустар) және Энергетиктер көшесі, 58 «Б».
Бөлім жалдаушылардың нақты тұру жағдайларын нақтылау үшін тұрғын үйлерге мониторинг жүргізді. Көшпелі іс-шаралар барысында 383 пәтерді тексеру актілері жасалды, 19 объекті бойынша мониторинг жалғасуда.
Түгендеумен қатар бөлім Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес азаматтардың тұруын заңдастыру рәсімін жүргізді.
Тұрғын үй комиссиясы жалдаушылардың шарттарды қайта ресімдеуге кезең-кезеңімен берген 487 өтінішін қарады. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша 266 тұрғын үйді жалға алушымен жалдау шарттары жасалды, олардың 161-і жекешелендіру рәсімдерін өткізгеннен кейін жалға алушылардың меншігіне өтті.
Бүгінгі таңда жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің теңгерімінде 216 пәтер бар.
Тұру жағдайларын бұзған және міндеттемелерден жалтарған адамдарға қатысты сотқа дейінгі және наразылық-талап-арыз жолдау жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шаралар барысында 548 хабарлама жіберілген. Мониторинг, хабарламалар беру және шығарылған сот шешімдерінің нәтижесінде бүгінгі күні 30-дан астам тұрғын үй босатылды. Бұл тұрғын үй қоры бұдан әрі бөлу үшін ТҮКШ, ЖК және АЖ бөліміне берілді.
Барлық өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша бюджет кірісіне 2024 жылғы маусымнан бастап 34 511 200 теңге түсті. Жұмыс жалғасуда.
– Қорытындылай келе, жалға алушыларға қызметтік баспананы мемлекет біздің қалада тұру, балаларын өсіру, еңбек ету және тәрбиелеу үшін бергенін айтқым келеді. Біз әрқашан заң аясында жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз, бірақ біз жалға алушыларды өзара жауапкершілікке шақырамыз. Ай сайынғы жалдау ақысын уақытылы және толық көлемде төлеуді сұраймыз. Уақытылы төлеу – бұл отбасының тұрақтылығы және болашақта пәтерді жекешелендіруге және оның толық иесі болуға мүмкіндік беретін басты шарт. Егер азаматтарда уақытша қиындықтар туындаса, істі соттарға және сот орындаушыларына жеткізбей-ақ қарастыруға болады: бөлімнің есігі әрқашан ашық. Біз әр жағдайды жеке қарастыруға дайынбыз. Заңды құрметтеп, ортақ үйіміздің игілігі үшін бірге жұмыс істейік! – дейді Зейнеп Опабекқызы.
Ж.ҚАДЫРОВА





