Екібастұз қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысында Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы «Қалалық ономастикалық жұмыс тобын құру туралы» №32/4 шешіміне өзгерістер енгізу жайы қаралды. Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Жұмабаев баяндаған өзгерістер ҮІІІ шақырылған мәслихаттың кезектен тыс 51-ші сессиясының шешімімен бекітілді.
Сонымен, қала әкімінің 2026 жылғы 25 қыркүйектегі ономастикалық жұмыс тобының құрамына өзгерістер енгізу туралы қаулысымен бекітілген және депутаттар мақұлдаған жаңа тізімге шолу жасасақ:
– жұмыс тобы төрағасының орынбасары; қала әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақберген Жұмабаев;
– жұмыс тобының мүшесі – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ЖК және АЖ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мәди Зайкен;
– жұмыс тобының мүшесі – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» филиалының Екібастұз қаласы халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Геннадий Арсютин;
– жұмыс тобының хатшысы – мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Жанар Тоқсамбаева.
Комиссия құрамынан кадрлық өзгерістерге байланысты А.Хакимов, Д.Текебаева, Ж.Мергембаева шығарылды.
Айта кетейік, ономастикалық жұмыс тобы – өңірдегі елді мекен, көше атауларын өзгертуге тікелей жауапты топ. Ал жалпы ономастика дегеніміздің өзі гректің onomastіke – ат беру өнері деген сөзінен шыққан ұғым – тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы. Ол атаулардың шығу, қалыптасу жайын тексереді және зерттеу нысанына қарай топонимика, антропонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика, теонимика, фитонимика секілді түрлерге бөлінеді.
Ж.ӘБДІКӘРІМ





