Павлодар қаласында алғаш рет көкпардан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Чемпионатта еліміздің аймақтарынан келген командалар өнер көрсетуде. Павлодар облысының командасы топтық ойындарда Солтүстік Қазақстан облысы көкпаршыларын 8:2, қызылордалық көкпаршыларды 10:1 есебімен жеңіп, ширек финалға өткен еді.
Айтпақшы, бұл ойында команда капитаны ақкөлдік Диас Төлеу 5 салым салып, жеке шеберлігімен көрерменді тәнті етті.
29 қыркүйек күні біздің жерлестеріміз ширек финалда Ақмола облысының командасымен кездесті. Ойын 6:2 есебімен аяқталып, павлодарлық көкпаршылар жартылай финалға шықты. Енді бүгін олар Алматы облысының көкпаршыларымен ойнайды. Екінші жартылай финалда Шымкент қаласы мен Түркістан облысы командалары мықтыны анықтайды.
Ж. БҰЛАНБАЙ






