24 қыркүйек күні Екібастұз қалалық мәслихатының кезектен тыс L сессиясы өткізілді.
Сессияда қала әкімі аппаратының басшысы Гүлжан Зарлықова «Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 7 сәуірдегі №8/2 «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрамын келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізуді» ұсынып, өзгерістерді депутаттар бірауыздан мақұлдады.
Осыдан кейін қала әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі басшысының міндетін атқарушы Тоғжан Темірханова «Екібастұз қалалық мәслихатының 2026 жылғы
9 сәуірдегі №328/42 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне енгізілетін өзгерістер жайында баяндады.
Нақтырақ айтқанда, 1 қазан – Қарттар күнінде ең аз мөлшерде зейнетақы немесе жәрдемақы алатын зейнеткерлерге 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы төлеу ұсынылды. Бұған дейін ол 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде болған еді. Сонымен қатар, ең аз мөлшердегі зейнетақы не жәрдемақы алатын жасы 80-дегі не одан асқан адамдарға енді 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы төленбекші. Мәселені қарау кезінде халық қалаулылары өзгерістерді құптады.
Сессияда, сонымен бірге, Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы «Екібастұз қаласының дизайн-кодын бекіту туралы» №307/39 шешімінің күшін жою туралы мәселе қаралып, ол жөнінде қала әкімдігі сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қайрат Сүлейменов хабарлама жасады.
Ж. ЖӘЛЕЛҰЛЫ






