Қала әкімдігінде көпбалалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттауға арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты жиында қала әкімі Аян Бейсекин сөз сөйлеп, ана еңбегінің маңызы мен отбасы құндылықтары туралы айтып өтті. Содан соң елдің демографиялық дамуына, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген аналарға мемлекеттік наградаларын табыстады.
Бұл күні «Алтын алқа» мемлекеттік наградасымен жеті бала тәрбиелеп өсірген Балқия Сәрсенбекова марапатталды. Ал Айзат Жақсылықова, Галина Зинатова, Анаргүл Рахымжанова «Күміс алқа» төсбелгісіне ие болды. Марапат иелеріне құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары ұсынылды.
Кеш қонақтарына арнап әнші Марат Ахаев «Гүл сыйлайық анаға» әнін орындады. Жиын соңында марапат иелері естелік суретке түсті.
Кенже ҚУАТ






