Таяуда «Достық үйінде» Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына және қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына орай «Семей-Невада» үні және ақын миссиясы» тақырыптық сабағы өткізілді.
Тақырыптық-танымдық сабақты «Достық үйі» Екібастұз өлкетану музейімен бірлесіп ұйымдастырып, оған этномәдени бірлестіктер өкілдері мен ардагерлер қатысты. Алдымен көрермендерге «Семей-Невада» бейнеролигі көрсетіліп, «Достық үйінің» директоры Архат Әділханұлы сөз сөйлеп, содан кейін бірлестік басшылары Семей полигонының тарихы, ядролық сынақтың қасіреті, Олжас Сүлейменов құрған «Семей-Невада» қозғалысының сынақ полигонын жабу үшін жүргізген күресі жайлы әңгіме қозғады. Пікір білдірушілер мұндай тарихи оқиғаларды кейінгі буын білуі тиіс екенін айтып, бейбіт заманның қадірін түсінуге шақырды.
Ж.БҰЛАНБАЙ






