Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы қазақ халқының дәстүрін насихаттау ісін өз жұмысының бір бағыты ретінде дамытып келеді. Осы орайда Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы Нұрсейіт Омаровтың бастамасымен мешіт жанынан қала ақсақалдарынан «Дәстүр жаршылары» тобы құрылды.
Топ құрамындағы ақсақалдар арнайы жоспарға сәйкес түрлі орталарда ұлттық дәстүрді насихаттайтын болады. Еске сала кетсек, бұған дейін Екібастұз қалалық мешітінде арнайы дәстүр бөлмесі ашылған болатын.
Ж.АЙТЫШ





