Бір жарым ай бойы әлемнің назарын өзіне аударған әлем чемпионаты аяқталды. Ақтық ойында Испания ұлттық құрама командасы азуын айға білеген Аргентина командасын қосымша уақытта 1:0 есебімен тізе бүктіріп, екінші мәрте футболдан әлем чемпионы атанды. «Қызыл фурияның» бұдан бұрын, 2010 жылы алғаш рет әлем чемпионы болғанын сақа жанкүйерлер жақсы біледі.
Тума талант Леонель Месси бастаған аргентиналықтар күміс медальды қанағат тұтса, қола медаль Англия командасына бұйырды. Айтпақшы, үшінші орын үшін Англия мен Франция командалары арасында болған ойын керемет нәтижелілігімен жанкүйер қауымның есінде ұзаққа сақталмақ. 6:4 есебімен ағылшындар жеңген ойында жиынтығы 10 доп соғылып, сұрмергендер жарысында француз Килиан Мбаппенің бағы жанды. Ол осы ойында тағы екі доп соқты. Сөйтіп 10 доппен әлем чемпионатының үздік сұрмергені атанып, «Алтын бутцыны» иеленді.
Осы орайда, жеке жүлделер жағын сөз етер болсақ, әлем чемпионатының үздік ойыншысы болып испандық жартылай қорғаушы, команда капитаны Родри танылып, «Алтын допты» еншіледі. «Күміс доп» аргентиналық Леонель Мессиге, «Қола доп» франциялық Килиан Мбаппеге берілді. Қақпашылар ішінде испандық Унай Симонның шоқтығы биік болды. Сегіз ойында өз қақпасына жалғыз рет қана доп жіберген оған «Алтын қолғап» табыс етілді. Сонымен қатар, 19 жастағы испандық Пау Кубарси мундиальдың үздік жас ойыншысы атанды.
Ж.БҰЛАНБАЙ







