Ағымдағы жылы 20-26 шілде аралығында Екібастұз өңірінің аумағында «Аулалардағы қабылдау» акциясы ұйымдастырылады. Акция кезінде учаскелік полиция инспекторлары қалалар мен ауылдық округтердегі тұрғын үйлердің аулаларында, әрбір ауыл және іргелес елді мекенде халықпен кездесу өткізеді.
– Кездесулер барысында әкімшілік полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар, жол қауіпсіздігі, кәмелетке толмағандар арасында буллингті және вейп өнімдерін сатуға тыйым салу туралы заңнамадағы өзгерістер, оның ішінде әкімшілік заңнаманы түсіндіреді, бейнероликтер көрсетіледі, – деп түсіндірді уаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Қайрат Кенжекеев.
Кездесулер кезінде келіп түскен арыз-шағымдарға, ұсыныстар мен арыздарға талдау және қорытындылау жүргізіліп, тексеріледі және ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастырудағы кемшіліктерді, сондай-ақ, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды жасауға ықпал ететін жағдайларды жою шаралары қабылданады.
«Ауладағы қабылдау» акциясы аясында «Ішімдіксіз аула» іс-шарасы өткізіледі.
КЕНЖЕ ҚУАТ








