Әр елді мекеннің келешегін жарқын ететін ауқымды істер жоспармен тындырылуы қажет. Екібастұз қаласын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары осындай маңызды құжат болып табылады. Десек те желдей жүйткіген уақыт, қоғам өмірінің қарыштап алға басуы – сол құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Осы орайда, таяуда қалалық мәслихат сессиясында сөз болып отырған жоспарға біршама өзгерістер енгізу ұсынылып, депутаттар құптады.
Жалпы, Екібастұз қаласын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі міндеттерін шешуге, инвестициялық белсенділікті арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.
Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жоспарға 8 инвестициялық жоба енгізіліп отыр және олар келесідей нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 2375-тен астам жұмыс орнын құру, 500 миллиард теңгеден астам инвестиция тарту, бюджетке қосымша салық түсімдерін қамтамасыз ету, экономикалық өсудің жаңа нүктелерін қалыптастыру.
Негізгі инвестициялық жобалар:
– қуаты 1000 МВт жел электр станциясының құрылысы. Жоба аймақтың энергия қауіпсіздігін өз электр энергиясын өндіру арқылы арттыруға және жаңартылған энергия көздерін дамытуға бағытталған. Іске асыру кезеңі – 2026-2032 жылдар;
– өнімділігі жылына 3600 вагонға дейінгі жүк вагондарын ағымдағы ағытпалы жөндеу пунктінің құрылысы. Жобаны іске асыру теміржол тасымалының қауіпсіздігін арттыруға, жылжымалы құрам ақауларын уақытылы жоюды қамтамасыз етуге және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Іске асыру кезеңі – 2026-2030 жылдар;
– газ құю кешені мен дүкені бар екі автожарнармай құю станциясының құрылысы. Жоба халық пен бизнес үшін жанармайдың қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ, жол бойы қызмет көрсету инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Іске асыру кезеңі – 2026-2027 жылдар;
– СПА орталығы, жерасты автұрағы және тұрғын блогы бар қонақүй мен мейрамхана кешенінің құрылысы. Жобаны іске асыру туристік инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді. Іске асыру кезеңі – 2026-2029 жылдар;
– «МОТОР СИТИ ПАВЛОДАР» ЖШС автоорталығының құрылысы. Іске асыру кезеңі – 2026-2027 жылдар;
– ДӨО инфрақұрылымына қызмет көрсету орталығының құрылысы.
Деректерді өңдеу орталығы инфрақұрылымына қызмет көрсету орталығын құру объектілердің сенімді әрі үздіксіз пайдаланылуын, жедел техникалық қызмет көрсетуді және инженерлік жүйелерге тәулік бойы қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыру ДӨО жұмысының сенімділігін арттыруға, ақауларды жою уақытын қысқартуға және цифрлық сервистердің үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Іске асыру кезеңі – 2026-2027 жылдар.
Негізі, Екібастұз қаласын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспарында халық игілігін көретін көптеген іс-шаралар қамтылған. Мәселен, тұрғындарды баспаналы ету үшін №22 шағынауданда Торайғыров көшесінде 60 пәтерлік тұрғын үй биыл, Қ.Сәтбаев көшесінде 90 пәтерлік тұрғын үй келесі жылы пайдалануға беріледі. Аталмыш биік үйлер инвесторлар қаражатына салынып, бюджетке жүктемені азайтады.
Сөз болып отырған жоспарға «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясындағы жобалар да енгізіліп отыр. Атап айтқанда, 2026 жылы – 17 жобаны, 2027 жылы – 36 жобаны, 2028 жылы – 43 жобаны, 2029 жылы 43 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Бұдан бөлек, жергілікті бюджет қаражаты есебінен инженерлік инфрақұрылымды дамыту және қаланың сумен жабдықтау жүйесін жаңарту жобасын іске асыру көзделген. Екібастұз қаласының су тазарту құрғылары аумағында бастапқы су тұндырғышын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Биылғы жылы бұл мақсатқа 15 миллион теңге мөлшерінде қаржы қарастырылды. Жобаны іске асыру су тазарту үдерістерінің тиімділігін арттыруға және сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
Жалпы, өңірдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуы оның бәсекелестік артықшылықтарын іске асыруды қамтамасыз етіп, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартады.
2030 жылы қала өнеркәсібі жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен әртараптандырылады. 2026-2030 жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлемінің орташа жылдық өсуі 102,5% деңгейінде болады деп болжанып отыр.
Екібастұз өңірінің аумағында еліміздің барлық көмір қорының төрттен бір бөлігінен астамы шоғырланған, бұл энергетика секторын дамытуға берік негіз қалыптастырады. Қалада стратегиялық маңызды жобалар іске асырылуда, соның ішінде 2-МАЭС-тің үшінші және төртінші энергетикалық блоктарының құрылысы, жаңа 3-МАЭС құрылысы және ірі жел парктері құрылысы қолға алынады. Бұл жалпы 1,5 ГВт қосымша қуат қосып, электр энергиясына сұранысты жабуға мүмкіндік береді. Аталмыш объектілер елдің тұрақты әрі сенімді энергетикалық жүйесін қамтамасыз ететін тірек элементтеріне айналады. Осы саламен қатар, өңірде тұрақты ұзақ мерзімді экономикалық өсудің негізгі драйверлерінің бірі ретінде металлургия секторы дамуда. 2030 жылға дейін Екібастұзда металлургия саласында 1,5 трлн теңгеден астам сомаға сегіз ірі жобаны іске асыру жоспарлануда.
Өңірде 2030 жылы 2,5% өсумен тұрғын үй құрылысын дамыту жалғасады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға қолжетімділіктің өсуі кәсіпкерлер санын және тиісінше ШОБ субъектілерінің өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді шығаруын 393,6 млрд. теңгеден (2026 жылы) 478,4 млрд. теңгеге (2030 жылға қарай) немесе 21,5%-ға арттырады.
2030 жылға қарай өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз ету деңгейін – 96,8%-ға, ауылдарда 66,1%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
2026-2030 жылдары өңір бойынша шамамен 13 мың адам жұмысқа орналастырылады.
Жыл сайын жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 3 мың адам қамтылатын болады. Жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан аспайды.
Екібастұз өңірі Павлодар облысының жетекші өнеркәсіптік орталықтарының бірі екені мәлім. Осы орайда, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер тұрақты өсуді көрсетіп отыр. Қала экономикасының негізін өнеркәсіптік өндіріс құрайды.
Өнеркәсіп құрылымында 2022–2024 жылдары ең жоғары үлес тау-кен өндіру секторына тиесілі болды (2022 жылы – 59,0%, 2023 жылы – 57,3%, 2024 жылы–59,2%).
2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі қаланың үлесі – 36,8%-ды (2022 жылы – 32,7%) құрады.
2022 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1054,9 млн. теңгеден 2024 жылы 1291,2 млн. теңгеге дейін өсіп, нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) 2022 жылы 98,8%-дан 2024 жылы 104,0%-ға дейін артты.
Негізгі тенденция тау-кен өндірісіне тиесілі. 2022-2024 жылдары НКИ: 2022 жылы – 96,5%, 2023 жылы – 102,6%, 2024 жылы – 99,5% құрады.
Қалаға негізгі капиталға салынған инвестициялардың облыстық көлемінің 39,0%-ы тиесілі. 2022-2024 жылдар кезеңінде экономикаға шамамен 883,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Қаржыландыру көздерінің құрылымында кәсіпорындардың меншікті қаражаты басым, 2024 жылы меншікті қаражаттың үлесі 72.5%-ды құрады.
Салалық құрылымда инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке тиесілі – 82.8%.
2022-2024 жылдары ауданда жалпы сомасы 266,2 млрд. теңгеге бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылды.
– «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС (жаңа электр сүзгілерін орнатумен №1 энергоблокты қалпына келтіру) инвестиция сомасы – 169,2 млрд. теңге, іске асыру мерзімі 2012-2024 ж., құрылыс аяқталды, іске қосу актісі 2024 жылғы 26 желтоқсанда тіркелді.
– «Богатырь Көмір» ЖШС (көмір өндірудің автоконвейерлік технологиясына көшу) инвестиция сомасы – 97,0 млрд. теңге, іске асыру мерзімі – 2019-2022 ж., құрылыс аяқталды, 1 кезекті пайдалануға беру актісі 2023 жылғы 19 желтоқсанда тіркелді.
Қазіргі уақытта Екібастұз қаласының аумағында жалпы сомасы 6,3 трлн. теңге болатын 24 инвестициялық жоба іске асырылуда, оның ішінде:
– жалпыұлттық пулға жалпы құны 6,2 трлн. теңгеден асатын және 9 600 жұмыс орнын құруды көздейтін 21 инвестициялық жоба енгізілді. Нақты атап өтер болсақ:
– «EkibastuzFerroAlloys» ЖШС (ферроқорытпа зауытының құрылысы), инвестиция сомасы – 92,0 млрд. теңге, іске асыру мерзімі 2021-2025 ж., жұмыс орны – 800 адам, құрылыс аяқталды.
– «Kazferro Limited» ЖК (Екібастұз қаласында ферроқорытпа өндірісін ұйымдастыру), инвестиция сомасы – 30,4 млрд. теңге, іске асыру мерзімі – 2023-2025 ж., жұмыс орны – 340 адам, құрылыс аяқталды.
– «Mineral Product International» ЖШС (ферроқорытпа өндіретін зауыттың құрылысы), жоба екі кезекте іске асырылатын болады: 1 – кезек – 245 млн. АҚШ доллары (121,8 млрд теңге), ол аяқталғаннан кейін 190 млн. АҚШ доллары (86,096 млрд теңге) сомасына 2-кезек басталады.
– «Mineral Product International» ЖШС (DRI фабрикасы), инвестиция сомасы – 286,8 млрд. теңге, іске асыру мерзімі – 2023-2028 ж., жұмыс орны – 400 адам.
– «Mineral Product International» ЖШС (металлургия зауытының құрылысы), инвестиция сомасы – 334,6 млрд. теңге, іске асыру мерзімі – 2025-2028 ж., жұмыс орны – 1500 адам.
– «Fonet Er-Tai Mining» ЖШС (катодты мыс өндіретін гидрометаллургиялық зауыт құрылысы), инвестиция сомасы – 9,4 млрд. теңге, іске асыру мерзімі – 2024-2026 ж., жұмыс орны – 300 адам.
– «Rail Way Steel» ЖШС (электрометаллургиялық кешен құрылысы), инвестиция сомасы – 495,0 млрд. теңге, іске асыру мерзімі – 2025–2030 ж., жұмыс орындары – 1100 адам.
– «Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ (2-МАЭС-тің үшінші және төртінші энергетикалық блоктарының құрылысы), инвестиция сомасы – 1282,4 млрд. теңге, іске асыру мерзімі – 2010-2030 ж., жұмыс орны – 358 адам.
– «Самұрық-Энерго» АҚ (3-МАЭС құрылысы) инвестиция сомасы – 2708,0 млрд. теңге, іске асыру мерзімі – 2023-2032 ж., жұмыс орындары – 300 адам.
– «Argestus» ЖШС (жел паркінің құрылысы), инвестиция сомасы – 104,0 млрд. теңге, іске асыру мерзімі – 2025-2027 ж., жұмыс орны – 80 адам.
– «Rail cast Systems» ЖШС (ұста-бандаж кешенінің құрылысы), инвестиция сомасы – 73,3 млрд. теңге, іске асыру мерзімі – 2020-2026 ж., жұмыс орны – 535 адам.
– «Алиот – сервис» ЖШС (темір жолға арналған жылжымалы құрам үшін өндірістік кешен құрылысы), инвестиция сомасы – 25,0 млрд.теңге, іске асыру мерзімі – 2025-2026 ж., жұмыс орны – 190 адам.
– «КVК – 2» ЖШС (вагон шығаратын зауыт құрылысы), инвестиция сомасы – 4,0 млрд. теңге, іске асыру мерзімі – 2025-2027 ж., жұмыс орны – 300 адам.
– «Экибастуз-Кирпич» ЖШС (кірпіш зауытының құрылысы). Инвестициялардың жалпы сомасы – 0,6282 млрд теңге, жұмыс орны – 80 адам, жобаны іске асыру мерзімі – 2025-2027 ж., инвестициялардың негізгі көлемін 2026 жылы игеру жоспарлануда.
– «Корн Агро» ЖШС (көкөніс қоймасының құрылысы) инвестиция сомасы – 1,036 млрд. теңге, іске асыру мерзімі – 2024-2025 ж., жұмыс орны – 5 адам, құрылыс жұмыстары аяқталды.
– «Корн Агро» ЖШС (көкөніс қоймасын салу және қойма техникасының жаңбырлатқыш машиналарын сатып алу), инвестиция сомасы – 1,727 млрд. теңге, іске асыру мерзімі – 2025-2026 ж., жұмыс орындары – 5 адам.
– «Деповская сервис» ЖШС (вагон жөндеу депосының құрылысы), инвестиция сомасы – 2,762 млрд. теңге, іске асыру мерзімі-2024-2028 ж., жұмыс орындары – 120 адам.
– «Самұрық – Энерго» АҚ (China Power Investment Holding көмегімен қуаты 1 ГВт ЭСЖ-мен ЖЭС құрылысы), инвестиция сомасы – 629,0 млрд. теңге, іске асыру мерзімі 2023-2028 ж.,
– «Аквилон Трейд» ЖШС («Аквилон» сауда-құрылыс орталығының құрылысы), инвестиция сомасы – 4,3 млрд. тенге, іске асыру мерзімі 2021-2029 ж., жұмыс орындары – 30 адам.
Жалпыұлттық пулға қоса, өңірде бірнеше аймақтық пулға енгізілген жобалар жүзеге асырылып, өңір экономикасына серпін береді.
Ж.Сәдуақас








