8 шілде күні қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті. Жиында әлеуметтік қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты және өзге де маңызды мәселелер қаралды.
Отырыс барысында 2023 жылғы 13 қазандағы әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына қатысты кейбір шешімдердің күшін жою мәселесі талқыланды. Аталған мәселе бойынша Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Зейнеп Жақсыбаева баяндама жасады.
Сонымен қатар, 2026 жылға Екібастұз қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төменгі мөлшерін бекіту мәселесі қаралды. Бұл жөнінде қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ерлан Ақылтаев баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселелер тұрақты комиссия мүшелерінің қатысуымен талқыланып, тиісті ұсынымдар жасалды.
Ділназ Серікбай









