21 маусым – дәрігерлердің кәсіби мерекесі. Осы орайда қала әкімдігінде ақ халатты абзал жандарды марапаттау салтанаты өтті. Мерекелік жиында қала әкімі Аян Бейсекин дәрігерлер қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, олардың қоғам алдындағы ерен еңбегіне жоғары баға берді.
– Өңірімізде мың жарымнан астам медицина маманы еңбек етеді. Олар әрбір қиналған, ауырған жанның жанынан табылып, үміт отын қайта жаға білді. Өмірлеріңізді адам денсаулығын қорғауға арнап, науқастарға дәрі-дәрмекпен қатар мейірім мен жан жылуын сыйлап келесіздер. Сол үшін сіздерге зор алғысымды білдіремін, – деді қала басшысы.
Құттықтау сөзінде әкім өңірдегі денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.
Салтанатты шара барысында медицина саласының үздік мамандары мен ардагерлеріне марапаттар табысталды. Қала әкімінің құрмет грамотасына №4 қосалқы медициналық көмек станциясының жоғары санатты дәрігері Анар Әжібаева, осы мекеменің жоғары санатты фельдшері Риза Күзембаева, қалалық аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері Әлия Байгужинова, «Нұр» медициналық орталығының медбикесі Меруерт Сапарбекова және №2 емхананың жалпы тәжірибе бөлімшесінің меңгерушісі Гүлжан Таттыбекова ие болды.
Нұрбек Әбенов, Гүлсім Айтимова, Мейіржан Жұмагелдиев, Нұрлыбек Темірханов, Майгүл Исабаева, Ардақ Сәрсембекова, Нұргүл Садықова, Динара Адылханова, Нұрболат Асылхан, Гүлжан Бейсекеева, Альфия Дошекеева, Жаңагүл Каирбаева, Алмагүл Кайрбекова, Дарина Нұржанова, Айгүл Маханова, Динара Смағұлова, Гүлнәр Смағұлова, Гаухар Танжарикова, Ирина Шевчук сынды мақтаулы қызметкерлер алғыс хатпен марапатталды.
Ақ желеңді дәрігерлердің құрметіне қала өнерпаздары «Шаттығым», «Синяя вечность» әндерін орындады.
Гүлсана ҚУАТБАЙҚЫЗЫ








