Халқымыздың рухын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үміті мен арман-тілегін жеткізетін ерекше құндылықтар – Мемлекеттік рәміздер. 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні қала басшылары, мемлекеттік қызметшілер мен депутаттар, қарттар мен жастар жадыраңқы көңіл күйде Тутұғырды бетке алды.
Екібастұз қаласының Абай Құнанбаев атындағы №2 қазақ мектебінің бастапқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы сапты тізіп, қала әкімі Аян Бейсекинге рапорт берді. Осыдан кейін ММА-дан әлем чемпионатының жүлдегері Расул Хатаев көк байрақты көтеріп, әнші Бауырбек Бектеміров еліміздің әнұранын шырқап, оған жиналған қауым қосылды.
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты рәсім «Атамекен» әнін шырқаумен аяқталды.
Ж.Жәлелұлы






