Өңіріміздегі ауылдық елді мекендердің ішіндегі ірілері Шідерті, Солнечный, Төртқұдық кенттері екені белгілі. Қуанарлығы, қазір бұл кенттер де қаламен қатарласа даму үстінде.
Әсіресе Шідертіде атқарылған ауқымды жұмыс аз емес. Өткен жылы кентте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына 359 896,6 мың теңге жұмсалыпты. Кентте былтырғы жылы жүзеге асырылған ірі жоба орталық саябақты абаттандыру десек, бұл мақсатта 276 446,7 мың теңге кәдеге жаратылды. Шарт «Нұррашкомфорт» ЖШС-мен жасалып, техникалық қадағалауды 7 362,5 мың теңге сомаға «РУБИН С.Т. С.» ЖШС, авторлық қадағалауды 1 297,5 мың теңге сомаға «Апогей» ҒЗЖИ ЖШС жүзеге асырды.
Кент әкімі міндетін атқарушы Жанна Бейсенованың Екібастұз қалалық мәслихатының кезекті ХLIV сессиясында кенттің былтырғы бюджетінің орындалуы жайлы берген есебіне сүйенсек, сумен жабдықтауға бағытталған 16 110,9 мың теңгенің 6 900,0 мың теңгесі екі КМБ-ды ұстау: су құбыры мен су мұнарасы күтімі үшін «Ағайынды Алпыс-Секербай» ЖШС-іне төленген. 5 760,0 мың теңгеге «Транс-строй-услуга» ЖК электр сорғысын орнатқан. 398,0 мың теңгеге «ArdProekt-Қазына» ЖШС жер-кадастрлық жұмыстарды орындаса, 2 487,9 мың теңгеге «Греков» ЖК су құбырын ағымдағы жөндеуден өткізген.
Елді мекен көшелерін жарықтандыруға 22 612,7 мың теңге бағытталыпты. Электр тарату жабдықтарына техникалық қызмет көрсету шарты «М.Ш. Абдрахманов» ЖК-мен 5 877,7 мың теңге сомаға жасалып, көше жарығына қызмет көрсету жұмыстарын «Горэлектросеть» ЖШС 16 735,0 мың теңгеге орындаған.
Тұрғын үй қорын санитарлық тазартуға және күтіп ұстауға жұмсалған шығындар 23 650,7 мың теңгені құрады. Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметін «Екібастұзкоммунсервис» ЖШС 16 942,2 мың теңгеге атқарған. Ал ірі көлемді қоқыстарды шығару және қоқыс үйінділерін бұрғылау жұмыстары «Телгарин» ЖК мен «Резуанов» ЖК-нің еншісінде: 6 518,7 мың теңге. ҚТҚ шығаруға қатысты қосымша қызметтерді «Praim_Рavlodar14» ЖШС 2 188,9 мың теңгеге атқарған.
Аудандық бюджеттен бағдарлама бойынша берілетін трансферттер есебінен «МирСтрой» ЖК-мен коммуналдық қалдықтарды жинақтау нормалары мен халық үшін тарифтердің есептерін әзірлеу шарты 1 133,9 мың теңге сомаға жасалған. Қалдықтарды шығару қызметтерін «Екібастұзкоммунсервис» ЖШС 5 647,5 мың теңгеге атқарған.
Кентті абаттандыру мен көгалдандыруға бөлінген 289 914,9 мың теңгенің 3 650,0 мың теңгесі шөпті отауға («AZIKE» ЖШС), 579,0 мың теңгесі ағаштарды санитарлық әктеуге («Боровская» ЖК) және кесуге («Маханов» ЖК) жұмсалыпты. Кенттің автомобиль жолдарын күтіп ұстау шығыны 4 077,0 мың теңгені құрап, жұмысты «М. Ш. Абдрахманова» ЖК атқарды. «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы бойынша былтырғы жылдың шығындары 39 552,0 мың теңге болды. Қаржы «Юбилейный» МҮ-ні ұстауға, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге, т.б. жұмсалған.
Жалпы, кенттің 2025 жылғы бюджетінің шығыс бөлігі 494 220,4 мың теңгеге немесе 100% -ға орындалды.
Ж.Мырзағұл



