Екібастұз өңірінің ауылдық елді мекендерін аралап шығып, халық алдында есеп берген қала әкімі Аян Бейсекин 2 маусым күні №11 қазақ орта мектебінің мәжіліс залында №№ 17,18,1,20,21,22,23 шағынаудандардың тұрғындарымен жүздесті.
Есеп беру кездесуі, әдеттегідей, сұрақтарға жауап беру форматында өтті.
—Мен Бөгенбай батыр көшесі, 34 «Б» үйде бес жылдан бері тұрып жатырмын. Біздің жақтағы үйлер орталықтандырылған жылу құбырына қосылмағандықтан, қыста пеш жағып әуресарсаңға түсеміз. Осы мәселе қашан шешімін табар екен? – деген Арман Қабиденовтің сөзін қасында отырған көршісі де мақұлдап, қала басшысынан жауап күтті.
Қала әкімінің жауабына жүгінсек, шаһар бойынша 1,5 мың жер үй әлі жылуға қосылмапты. Десек те бұл проблема біртіндеп шешіліп жатыр. Алайда кедергі болған жайттар бар. Сонау 2021 жылы жоба жасалып, оны жүзеге асыруда екі мердігер арасында дау туып, сот іске былтыр ғана нүкте қойыпты. Сөйтіп бірнеше жыл ішінде жоба құны біршама өсіп кеткендіктен, қайта есептеліп, жоғары жақтан қаржы сұралған екен. Егер республикалық бюджеттен тиісті қаржы бөлінсе, жұмыс қолға алынады.
Ал өзін Дәулет Сатыбаевпын деп таныстырған азаматтың көтерген мәселесі тіптен қисынсыз болып шықты. Ол Энергетиктер көшесі, №93 үйдің бойындағы биік теректердің жаз шыға мамық шашып, мазаны кетіретінін айтып, ағаштарды отап тастауды сұрады. Сонымен бірге, тротуар қапталында жарық шамдары орнатылмағанын тілге тиек етті.
– Адамдардың қаншама қажырқайратымен өсірілген ағаштарды ондай себеппен отау – ақылға қонымсыз іс. Біз қайта шаһарды жасыл желекке көмкеру жұмысын табандылықпен іске асыруға тиіспіз, — деген қала әкімі Аян Уахитұлы жарықтандыру мәселесінің мәнжайын білуді ТҮКШ бөлімі мен «Горэлектросеть» басшылығына тапсырды.
Сөз соңында айтарымыз, есептік кездесулерге соңғы жылдары тұрғындар тым аз жиналады. Мұның екі түрлі себебі бар сияқты. Біріншіден, жылданжылға тұрмыстықәлеуметтік проблемалар азайып келеді. Екіншіден, мәселелер туындап жатса, жұрт оны әлеуметтік желі арқылы жедел жеткізеді де, қала әкімі тиісті шешімдер қабылдап, олқылық түзетіледі. Қысқасы, сонау бір жылдары маңызды болып табылған есеп беру кездесулері, біздің пікірімізше, ендігі уақытта өміршең емес тәрізді.
Ж.Сәдуақас





