Биыл «Өнер» мәдениет сарайының 40 жылдық мерейтойы аталып өтпек. Кітапхана саласы да 50 жылдық мерейтойына дайындықта. Былтыр «Өнер додасы – 2025» облыстық байқауында бас жүлдені жеңіп алған «Атамұра» мәдениет ошағының өнерпаздары үшін әр күн – тойдан кем емес, қарбалас, үнемі айналаны әнмен әрлеу. Десе де қаланың барлық өнер ұжымдары үшін 21 мамыр – Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі нағыз той болып өтті. Кейбір әкімдердің тұсында мүлдем ауызға алынбай, елеусіз қалған мереке қала әкімі Аян Бейсекин бастаған ұйымдастырушы тараптың арқасында жанданып сала берді.
Бұл күні «Самғау» балалар шығармашылығы орталығының фойесі барынша безендіріліп, аста-төк фуршет дастарханы жасалды. Фотоаймақ пен музыка мерекенің шырайын аша түсті. Жиында қала әкімі Аян Бейсекин сала қызметкерлерін құттықтап, Екібастұз өңірінің мәдениетін дамытуға зор үлес қосқан азаматтарға марапаттар, мәдениет ұжымдарына ақшалай сыйлық сертификаттарын тапсырды. Екібастұз қаласы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Жанар Қуанышқызы Тоқсамбаева «Екібастұз қаласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ Аян Уахитұлы мәдениет мекемелерінің ұжымдарына сыйлық сертификаттарын табыстады: «Өнер» қалалық мәдениет сарайының директоры Талғат Қайратұлы Сағынтаевқа (1 миллион теңгелік сертификат); «Атамұра» мәдениет орталығының директоры Нұрсұлу Еркебайқызы Төлеубаеваға (1 миллион теңгелік сертификат); «Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Архат Әділханұлы Илеубаевқа (1 миллион теңгелік сертификат); «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Анар Жатайқызы Жанахметоваға (1 миллион теңгелік сертификат); «Ертіс-Баян» театрына (1 миллион теңгелік сертификат); «Мақпал» мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының директоры Ибрагим Қабдуллаұлы Мусапировке (500 мың теңгелік сертификат); «Юбилейный» мәдениет клубы коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы Зоя Асерханға (500 мың теңгелік сертификат).
Екібастұз өңірі мәдениетінің дамуына қосқан елеулі үлесі, қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін және кәсіби мереке – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне байланысты Екібастұз қаласы әкімінің құрмет грамотасымен мына мамандар марапатталды: «Атамұра» мәдениет орталығының директоры Нұрсұлу Төлеубаева, бас есепшісі Зүлфия Әлімбетова, Сарықамыс ауылдық клубының әдіскері Фариза Әлпілам, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің статистигі Арайлым Идришева, әдіскері Әсел Оспанова, «Атамұра» мәдениет орталығының кадр жөніндегі инспекторы Гүлнұр Макиева, «Достық үйі» КММ бас бухгалтері Елена Марченко, «Мақпал» МҮ директоры Ибрагим Мусапиров, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бас есепшісі Жанаргүл Нәуешова.
«Өнер» қалалық мәдениет сарайының кадр жөніндегі инспекторы Әсел Жолдаспаеваға, заңгері Қуандық Шуктаевқа, «Достық үйі» КММ музыка жетекшісі Ләззат Шушаеваға, кадр жөніндегі инспекторы Әсия Умароваға, Бәйет ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Тайжгүл Купайға, «Юбилейный» МҮ музыка жетекшісі Елена Осьмакқа, Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор маманы Динара Мукушеваға әкімнің алғыс хаты табысталды.
Қалалық мәслихаттың құрмет грамотасына «Мақпал» МҮ қызметкері Ринат Даутов, «Атамұра» мәдениет орталығының әдіскері Ләйла Мадина, «Достық үйі» КММ шаруашылық жетекшісі Жанар Мақашева, Құлакөл ауылдық клубының қызметкері Ольга Мсырова ие болды.
Құдайкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Баянсұлу Болатханқызы, «Өнер» қалалық мәдениет сарайы» КМҚК шаруашылық бөлімінің әкімшісі Кәмшат Галижапарова, билет бақылаушысы Айгүл Жыңғылбаева, сахна машинисі Қадырбек Раимбеков, лэд экран редакторы Қуаныш Сапш, «Мақпал» МҮ қызметкері Серейхан Заятхан, көркемдік жетекшісі Жанболат Илеубаев, әдіскері Фарида Тойлыбай, Екібастұз қаласы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Гүлсара Исина, «Юбилейный» МҮ әдіскері Марина Ковалёва, бухгалтері Самал Тасыбекова, орталықтандырылған қалалық кітапхананың күзетшісі Юлия Мандрик,
№6 кітапхана филиалының кітапханашысы Қасиет Сирманова, Бозшакөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Махаббат Нұржігітованы, т.б. мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Жетпісбай Жакупов мәслихаттың алғыс хатымен марапаттады.
Ж.АЙТЫШ




