Екібастұз қалалық мәслихатының 13 мамырда өткен кезекті ХLIV сессиясында Екібастұз қаласы әкімдігі экономика және қаржы бөлімінің басшысы Салтанат Қорабаева 2025 жылғы Екібастұз қалалық бюджетінің орындалуы туралы баяндады.
Қала бюджетіне түскен 72 017,9 млн. теңге жылдық жоспардың 94,6%-ын құрайды. 1-3 санат бойынша кірістердің түсімі 91,3% орындалып, 4 123,9 млн. теңге игерілмей қалған. Бюджеттің орындалмауы жекелеген баптардың асыра орындалуы және басқа бағыттар бойынша қолжетімсіздік салдарынан қалыптасқан.
– Түсімнің негізгі сомасы келесі салық түрлерінен қалыптасқан: азаматтарға пәтер сатудан түсетін түсім 5 338,1 млн. теңге деп жоспарланғанымен, оның 22,6%-ы ғана орындалды. Түсімдер «Отбасы Банк» АҚ-ында кезекте тұрғандар үшін Пішенбаев көшесіндегі 180 пәтердің бастапқыда жоспарланғандай сәуір айында емес, қазан сатылуына байланысты қамтамасыз етілмеген, – деп түсіндірді Салтанат Қойшыбайқызы.
Нақтылай кетсек, Пішенбаев көшесі, 30 мекенжайында 552,3 млн. теңгеге 33 пәтер, Мәметова көшесі, 52 мекенжайында 533,3 млн. теңгеге 46 пәтер, Марденов көшесі, 20 мекенжайында 120,9 млн. теңгеге 9 пәтер сатылған.
6 709,6 млн. теңге болады деп жоспарланған корпоративтік табыс салығы 6 224,6 млн. теңгені құрап, 92,8% көрсетті: бұған теміржол кластеріне жататын кәсіпорындардың аванстық төлемдерді төлемеуі себеп болды.
2025 жылы қалалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға 71 593,7 млн. теңге жұмсалды. Әлеуметтік салаға жұмсалған шығындар 3 581,2 млн. теңгені немесе қала бюджетінің 5,0%-ын (республикалық бюджет – 0,1 млн. теңге, облыстық бюджет – 1 077,7 млн. теңге, жергілікті бюджет– 2 503,4 млн. теңге) құрады. 668 отбасына (2 629 адам) 370,0 млн. теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Халықтың жекелеген санаттарына 615,0 млн. теңге әлеуметтік көмек көрсетілді. Әлеуметтік көмек 14 695 адамға тағайындалып, 2025 жылы азаматтардың нақты өтініштерімен алушылар саны 347 адамға артты.
2025 жылы ауыл шаруашылығы, су, орман шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау салаларында 202,0 млн теңге игерілді. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандар санын арттыру мақсатында 47,9 млн. теңге көлемінде 7 бюджеттік несие берілді, оның ішінде: білім беру саласы мамандарына – 5, ауылдық округ әкімдігі аппаратына – 1, агроөнеркәсіп кешеніне – 1.
Сонымен қатар 19 маманға 7,5 млн. теңге көлемінде әлеуметтік қолдау (көтерме жәрдемақы) көрсетілді.
Көгалдандыру, абаттандыру және автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағытында келесі жұмыстар атқарылды: 50 балалар ойын алаңшасы орнатылды (585,6 млн. теңге); орамішілік аумақтарда ағымдық жөндеу жұмыстары толық аяқталды (410,4 млн. теңге); Шідерті кентінде орталық саябақ абаттандырылды (285,1 млн. теңге); Төртқұдық және Құлакөл ауылдарындағы жалпы қашықтығы 7,1 км кіреберіс жолдарға орташа жөндеу жүргізілді (922,1 млн. теңге); Екібастұз ауылдық округі, Қоянды және Ақкөл ауылдарындағы жалпы қашықтығы 10,3 км ішкі ауылдық жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді ( 384,8 млн. теңге).
Даму бағдарламалары шеңберінде 23 774,0 млн. теңге игерілді. Атап айтқанда, ЖМ-I, III (ОЖТП-дан НП-1-ге дейін), ЖМ-II (НПП-1-ден ТК-19Л-ға дейін), ЖМ-VII (ТК-3Э-ден ТК-25Э-ге дейін) жылу магистральдары; 2-шағынаудандағы №1, 2, 3 көпқабатты тұрғын үйлер және оларға инженерлік инфрақұрылым; қаланың 13 шағынауданындағы көше жарықтандыру желілері; Теміржол ауылдық округі ауданындағы «Заман» ШҚ үшін 200 га суармалы алқапқа су тарту және беруге арналған ИКИ; «KazferroLimited» ЖШС ферроқорытпа зауыты үшін электрмен жабдықтау желілері; ферроқорытпа зауытына сыртқы кіреберіс темір жолдар пайдалануға берілді.
Сонымен қатар ОВС-тен ЦРМЗ-ға дейінгі диаметрі 630 мм 500 метр магистральдық су құбыры (IV су құбыры), 5 б шағынаудандағы ОЖП-51 ғимаратына баратын Ø 426 мм суық сумен жабдықтау құбыры; ОВС II көтерілім №2 сорғы станциясы жаңартылды.
Мынадай бағыттарда жаңғырту жұмыстары жалғасты: ОВС-тен ПК 200-ге дейінгі диаметрі 1000 мм магистральдық су құбыры; Екібастұздың 50 жылдығы көшесі бойындағы (Абай көшесіне дейін НКСС-ке дейін) диаметрі 1200 мм кәріз коллекторы – траншеясыз әдіспен (санация); Беркімбаев көшесі бойындағы (Торайғыров көшесінен Амангелді көшесіне дейін) диаметрі 500–400 мм кәріз коллекторы – траншеясыз әдіспен (санация); Баянауыл көшесі бойындағы (23-шағынаудандағы вагон депосына дейін) диаметрі 820 мм су құбыры; Беркімбаев көшесі бойындағы (Пішенбаев көшесінен Южный өтпе жолы көшесіне дейін) диаметрі 420 мм су құбыры; Исабек ишан кесенесіне кіреберіс автомобиль жолы; «Шахтер» саябағы.
Төмендегі нысандарда құрылыс жұмыстары басталды: солтүстік ауданның кәріз желілері; Теміржол ауылдық округі аумағындағы «Береке» ШҚ – жалпы алаңы 900 га суармалы алқапқа арналған сорғы станциясы және инженерлік желілер; «Kazferro Limited» ЖК ферроқорытпа зауытына кіреберіс темір жол; ферроқорытпа зауыты үшін сыртқы инженерлік желілер, оның ішінде техникалық су құбыры желілері; «MPI» ЖШС ферроқорытпа зауыты үшін сыртқы электрмен жабдықтау желілері. ӘЖ-220 кВ құрылысы; Қоянды және Бәйет ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері; 21-шағынаудандағы ЖТҚ үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым.
Жыл қорытындысы бойынша бюджеттің шығыс бөлігін орындау 71 949,3 млн теңгені құрады. Игерілмеген қаражаттың нақты сомасы үнемдеуді және толық пайдалануға рұқсат етілген қаражатты шегергенде – 4 154,4 млн. теңге.
Сессияда Солнечный поселкесі әкімінің міндетін атқарушы Сәния Жұмашева мен Шідерті поселкесі әкімінің міндетін атқарушы Жанна Бейсенова өз поселкелері бюджеттерінің атқарылуы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Нұржан Түйебаев Екібастұз қаласының 2025 жылғы жергілікті бюджетінің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды жасады.
Ж.ЖАНДОС
БЫЛТЫРҒЫ ЖЫЛДЫҢ БЮДЖЕТІ СӨЗ БОЛДЫ



