Таяу күндері Астана қаласында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жас таланттарды қолдау және олардың өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Үздік өнер жұлдызы» республикалық байқауы өтті. «Атамұра» орталығының «Жұлдыз» вокалдық тобының өнерпаздары: Ерасыл Еренғалы, Жансая Елемес, Адина Тұрсынбаева, Сұлу Дүйсенбай, Айдина Темербаева, Айзере Еренғалы, Жанерке Шерікбайқызы, Нұрай Ұларбек байқаудың «Эстрадалық вокал» кезеңіне қатысып, дипломдарға ие болды.
9 мамыр күні дарынды оқушылар форумы аясында өткен марапаттау рәсіміне арнайы шақырту алған Нұрай Ұларбек «Ұлы дала дарыны» статуэткасын иеленіп, кеудесіне «Ұлы дала дарыны» төсбелгісін тақты. Жетекшісі – Гүлмира Алданова «Үздік жетекші» дипломына ие болды.
Ж.ЖАПАРОВА




