292 тыл еңбеккері мен 8 соғыс мүгедегінің жұбайына құттықтау хаттар табысталып, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген, бірақ марапатталмаған 268 азаматқа, соғыс кезінде жарақат, контузия немесе ауру салдарынан мүгедек болған, қайтыс болған азаматтардың қайта некеге тұрмаған 8 жұбайына, бейбіт уақытта әскери қызмет барысында мүгедектік алған Кеңес армиясының 8 әскери қызметшісіне, Таулы Карабахтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуге қатысқан 31 әскери қызметшіге әлеуметтік төлемдер төленеді.
Қаралған мәселені тиянақтаған қала әкімі Аян Бейсекин жауапты тұлғаларға мерекелік іс-шаралардың сапалы өтуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Ж.Бұланбай




