Биылғы жылдың 15 наурызы Қазақстанның саяси өміріндегі аса маңызды күн болғаны белгілі. Ел тағдырына бей-жай қарамайтын әрбір азамат үшін бұл күні өз болашағын дауыс беру арқылы шешу мүмкіндігі туды.
Екібастұзда референдумды қолдау мақсатында жалпыұлттық коалицияның филиалы құрылып, белсенді жұмыс істегені белгілі. Сонымен қатар, атқарушы билік өкілдерінің, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының да атқарған еңбегі ерен.
Таяуда референдум насихатын жүргізген және сайлауда тер төккен көптеген екібастұздықтар түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болды. Референдумды қорытындылау жиынында Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин сөз сөйлеп, өзінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары Бибігүл Иманғалиеваны Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапаттады. Мұндай марапатқа Екібастұз қаласының Құрметті азаматы, партия ардагері Эльдар Абдинов, «AMANAT» партиясы Екібастұз қалалық филиалының кеңесшісі, мобилограф Аңсаған Бесқарина, «Автовокзал» ЖШС директоры, қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі Елена Власьева, «Amanat» партиясы Екібастұз қалалық филиалының баспасөз хатшысы, мобилограф, үйлестіруші Марал Ерғазина, Екібастұз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас мамандары Ақмарал Рамазанова мен Руслан Қайырбай, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы Мырзағали Ерғалиев, «Аналар кеңесі» ҚБ төрағасы Маруаш Сағындықова, Екібастұз қаласы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанар Тоқсамбаева, «Қайнар» ББК мәдени ұйымдастырушысы, «AMANAT» партиясының белсендісі Марал Карагасекова, Екібастұз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Абылай Оспанбеков, қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы, мемлекеттік қызмет ардагері Жасұлан Сәдуакасов та ие болды.
«Проммашкомплект» ЖШС электр слесарі, «AMANAT» партиясының белсендісі Еркебұлан Бектемір, «Ақжол» партиясының мүшесі, бизнес өкілі Николай Винс, «Шығыс» кеніші директорының орынбасары Рустамжан Мамаджанов, «AMANAT» партиясы есепке алу секторы меңгерушісінің көмекшісі Анар Садықова, «AMANAT» партиясының ардагері Иван Трухинге Жалпыұлттық коалицияның алғыс хаты табысталды. Тағы отыздан аса белсенді азамат Екібастұз қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Марапат кешін әнші Бауырбек Бектеміров «Атамекен» әнімен әрледі.
Ж.АЙТЫШ



