Айдынды көлі көп Ақкөл-Жайылма табиғаттың әдемі жаратылысы – аққулардың мекені екені мәлім. Көктем шыға үйреншікті өңірге жеткен сол аққулардың бірі екі аяғын сындырып алған екен. Жаралы аққуды су жағасынан Зеленая роща ауылының тұрғыны Тұрар Аушахманов тауып алып үйіне әкеліп, Ақкөл ауылдық округінің әкімі Ерлан Қабылтаевқа хабарласады. Дәл осындай оқиғаны бірер жыл бұрын басынан өткерген ол облыстағы тиісті мекеме басшыларымен телефон арқылы сөйлесіп, бір шаруасымен Ақкөлге келген бейтаныс Жұмагелді деген азаматпен келісіп, қорапқа салған киелі құсты Павлодарское ауылындағы пансионатқа беріп жіберіпті.
Айтпақшы, қазіргі уақытта онда түрлі жағдайға тап болып, күтімді қажет еткен 60-тан астам жануар мен құс қамқорлыққа алыныпты. Су жағасынан табылған сыбырлақ аққу енді сонда болады.




