Көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамы халқымыз үшін жаңару мен берекенің бастауы, ұлттық дәстүр мен мәдениетті ұлықтайтын сәт. Мереке аясында бабадан мұра болып қалған ұлттық ойындар жаңғыртылып, жастарға насихатталды.
Бұл күні тұрғындар қызықты да тартысты спорттық жарыстарға белсене қатысты. Кейінгі кезде жиі насихатталып жүрген садақ тартудан өткен сайысқа көпшілік зор қызығушылық білдірді. Әр түрлі жас санатындағы қатысушылар бақ сынап, мергендік пен ептілік көрсетті. Сайыс барысында ұлттық спорттың қыр-сырын меңгерген қатысушылар дәлдік пен шеберлік бойынша өзара бақ сынасты.
Жарыс қорытындысында үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Жалпы есепте Ғаламат Әлімбай – 1-орын, Әлімжан Құдайберген – 2-орын, Нұрәли Серік 3-орын алды. 10–11 жастағылар арасында (10 метр қашықтық) 1-орын – Қайырхан Абраевқа, 2-орын – Мансұр Көмекке, 3-орын Әсия Саттарға берілді.
Ересектер арасында Нұрбек Мұқышев – 1-орын, Бауыржан Байсүгіров – 2-орын, Асқар Жәкішев 3-орын алды.
Қала тұрғындары арасында Жандос Зұлпықар – 1-орын, Нұрдәулет Әбдумәлік – 2-орын, Бақдәулет Сүгірбаев 3-орын алды.
Мерекенің ажырамас бөлігіне айналған күш сынасатын жарыстар да жоғары деңгейде өтті. Гір тасын көтеру сайысында қатысушылар өздерінің физикалық дайындығын паш етті.
Сонымен гір көтеруден ерлер арасында Бегімбай Сыздықов – 1-орынға, Рамазан Дауылбаев – 2-орынға, Нұрбек Әміров 3-орынға шықса, әйелдер арасында Алуа Гайнутдинова – 1-орынға, Мәдина Боранбай – 2-орынға, Индира Шаймұрат 3-орынға ие болды.
Қол күресі (армрестлинг) жарысы да тартысты өтті. Қатысушылар салмақ дәрежелеріне қарай өзара бақ сынасты.80 килограмға дейінгі салмақта 1-орын – Р.Қадырға, 2-орын – А.Тойылбаевқа, 3-орын А.Калянға тиді. Ал 80 кг жоғары салмақта А.Қарашашев – 1-орын, И.Гришаков – 2-орын, Н.Тұрсыбеков 3-орын алды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер арнайы грамоталармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Кенже ҚУАТ





