17 ақпан күні «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының «Екібастұз пайдалану локомотив депосы» филиалы ұжымымен ақпараттық кездесу өтті. Басқосуда Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары талқыланды.
Іс-шараға «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияның республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі мүшелері қатысты. Атап айтқанда, Мәжіліс депутаты Николай Арсютин, Павлодар облыстық коалиция жетекшісінің орынбасары Николай Дычко, облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі Болат Аманбаев, облыстық мәслихат депутаты Қанат Сатабаев, қалалық коалиция жетекшісі Нияз Макраев және оның орынбасары Мариям Мәлікова.
Коалиция өкілдері ұсынылып отырған өзгерістердің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, азаматтық қоғам институттарын дамытуға және құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Әсіресе әлеуметтік қорғау тетіктерін күшейту, еңбек кепілдіктерін сақтау және заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілді.
Депо қызметкерлері пікір алмасуға белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Ділназ Серікбай





