Былтырғы жылдың қорытындысында қаламызда қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны азайған. Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан Сүлейменов баяндады. Оның айтуынша, көшеде тіркелген қылмыстар саны 100-ден 85 дерекке дейін төмендеген.
2025 жылы Екібастұз өңірінде 263 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Соның салдарынан 16 адам қаза тауып, 383 адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда жоғары.
– Жол қауіпсіздігін тұрақтандыру мақсатында полиция қызметкерлері алдын алу шараларын күшейтті. Осы мақсатта «Құқықтық тәртіп», «Қауіпсіз жол» секілді жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде. 2025 жылы ұрланған көліктерді анықтау және қылмыскерлерді ұстауға бағытталған 16-дан астам іс-шара ұйымдастырылған. Оның 12-сі күндіз, 4-еуі түнгі уақытта өткізілді, – дейді Р.Сүлейменов.
Азаматтарды ақпараттандыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрақты жарияланып келеді.
Г.ҚУАТҚЫЗЫ





