Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Осы әдетпен қалалық әкімдікте көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар тапсыру салтанаты өтті.
Қала әкімі Аян Бейсекин ардақты аналарға еліміздің демографиялық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Содан соң Ерсінгүл Айтнұрды, Диана Әлімбаеваны, Гаухар Сәдуованы, Самал Сейталыны «Күміс алқа» алқасымен марапаттап, гүл шоқтарын табыстады. Көпбалалы аналардың құрметіне әнші Алмас Мұқатай «Ана», «Сүйіктіме» әндерін орындады.
Кенже ҚУАТ






