Бүгін Екібастұз қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясы құрылды. Бұл конституциялық реформаларды қолдау және халыққа кеңінен түсіндіру бағытындағы жүйелі жұмыстың маңызды кезеңі.
Коалиция құрамына партия филиалдарының, қоғамдық кеңестің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар мен қоғам белсенділері енді. Күш біріктіре отырып, олар қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогты нығайтуды, сондай-ақ конституциялық реформалар аясындағы жаңа құқықтық нормалардың мәнін азаматтарға түсінікті әрі қолжетімді түрде жеткізуді мақсат етеді.
Коалиция төрағасы болып Нияз Макраев сайланды, ал орынбасары қызметіне Мариям Мәлікова тағайындалды. Екібастұз қалалық коалицияның алғашқы отырысына Павлодар облыстық коалиция төрағасының орынбасары Асылбек Туғанбай қатысып, бастаманың маңыздылығын атап өтті.
Коалиция мүшелері халықтың барлық санатымен кездесулер өткізіп, конституциялық реформалар аясындағы жаңа құқықтық нормаларды түсіндіретін болады.
















