Сыр елінде өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай қызметіне белсене қатысып, реформалардың табысты жүзеге асырылуына атсалысқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттаған еді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қосқан үлесі үшін жоғары марапатқа ие болған азаматтардың арасында жерлесіміз – Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі, меценат Серік Сәдуақасов та бар. Жерлесімізге, сонымен қатар, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың алғыс хаты табысталды.
– Мемлекетіміз үшін маңызы зор алқалы жиынға қатысып, елдік мәселелерді талқылауға атсалысу мен үшін зор мәртебе болды. Көрсетілген құрмет пен жоғары баға үшін шынайы ризашылығымды білдіремін, – дейді Серік Тельманұлы.
Серік Тельманұлына құтты болсын айта отырып, ел игілігі жолындағы еңбегіңіздің жемісін көріңіз дейміз.
Ж.ӘБДІКӘРІМ







