Қала әкімдігінде көпбалалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттау салтанаты өтті. Қала басшысы Аян Бейсекин алтын құрсақты аналарды құттықтап, еліміздің демографиялық дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтты:
– Ана – үйдің берекесі. Сіздердің отбасылық құндылықтарды нығайтудағы және өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектеріңіз зор. Бұл марапат – сіздердің еңбектеріңіз бен аналық мейірімдеріңізге деген құрметтің белгісі.
Бұл күні жеті бала туып, тәрбиелеген Әмина Ахатова «Алтын алқа» алқасын тағынды. Алты баласы бар Татьяна Жундыбаева, Құстай Ибраева, Мәдина Қалмұрзаева, Бағлан Көпбаева, Наский Бибігүл, Айсұлу Нұрбаева, Светлана Сәулебаева, Надежда Сүлейменова «Күміс алқа» төсбелгісіне ие болды.
Көпбалалы аналар құрметіне әнші Алтынгүл Бахытхан «Ана» әнін, Сайлаубай Тілек «Балқадиша» әнін орындады.
Кенже ҚУАТ







